Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.
«54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген», - делінген ІІМ хабарламасында.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.