Маңғыстауда бес жасар баланы ат теуіп өлтірді

0
864

Басынан қатты жарақат алған бала қайтыс болды.


Маңғыстауда бес жасар баланы ат теуіп өлтірді

ERNUR.KZ. Маңғыстауда баланы ат теуіп өлтірді, деп жазады zakon.kz.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Түпқараған ауданының полиция бөлімінің "102" диспетчерлік пультіне Ақшұқыр ауылында бес жасар баланы ат тепкені туралы хабарлама келіп түсті. Басынан қатты жарақат алған бала қайтыс болды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді", - деп хабарлады Tumba.kz сайты Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.