Олар жалақысының бір бөлігін жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға көмек беруге аударуда.
ERNUR.KZ. Маңғыстауда тәртіп сақшыларының арасында игі дәстүр пайда болды. Олар жалақыларының бір бөлігін жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға көмек беруге аударуда, деп жазады Stan.kz.
Таяуда полиция департаментінің ұжымы көпбалалы отбасыға барып, сыйлықтар табыстады.
«Отбасы әр адам үшін әр ұрпақты байланыстыратын түйін, руханият пен адамгершіліктің ошағы болып қала береді. Алайда кейі отбасыларға, әсіресеі қазіргідей ауыр кезеңде азаматтардың көмегінсіз аяққа тұру қиын. Сондықтан отбасыларды нығайтуға өз үлесімізді қосуды ұйғардық», - дейді полиция департаментіндегілер.
Сонымен қатар полицейлер ҰОС ардагерлерін, жалғызбасты қариялар мен жетім балаларды да назардан тыс қалдырмаған. Оларға киім, тұрмысқа қажетті заттар, азық-түлік пен түрлі тұрмыстық техника табысталды.