Маңғыстауда сатуға дайындалған 48 жалған ПТР-тест тәркіленді

0
450

Жалған тестілердің бағасы 3 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін болған.


Маңғыстауда сатуға дайындалған 48 жалған ПТР-тест тәркіленді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы Маңғыстау облысының «Құрық» теңіз порты арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға жалған ПТР-тест жасаумен және сатумен айналысқан тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, жедел-тергеу іс-шарасы барысында бір топ адамның, оның ішінде «Құрық» теңіз порты фельдшерінің ұзақ уақыт бойы ПТР-тестті қолдан жасап, отандастарымыз бен шетелдіктерге сатқаны анықталды.

«Құрық» теңіз портының фельдшері болып жұмыс істейтін 21 жастағы жергілікті тұрғын Қазақстанға кіретін және шығатын жолаушылар үшін ПТР-тестті қолдан жасап, сыбайластары арқылы сатқан. Жалған ПТР-тест үшін адамдардан 3-10 мың теңге аралығында ақы алған. Тұрғылықты жері бойынша тергеу жүргізу кезінде күдіктіден сатуға дайындалған 48 жалған ПТР-тест, ноутбук, принтер және ковидқа қатысты құжат дайындауда пайдаланылған техника тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Нұрділдә Ораз.