Маңғыстаудағы спорт кешенінің ғимараты адамдарға қауіп төндіріп тұр – прокуратура

0
627

Ведомство қорытынды мен қабылданған шаралар жұртшылыққа хабарланатынын атап өтті.


Маңғыстаудағы спорт кешенінің ғимараты адамдарға қауіп төндіріп тұр – прокуратура

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының прокуратурасы 4А шағын ауданында орналасқан "Каспий" спорт кешенінің ғимараты адамдарға қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді, деп жазады lada.kz.

Қадағалау органының ақпаратынша, тексеріс барысында "Каспий" СК апатты жағдайда екені және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп тұрғаны анықталды.
"Каспий" спорт кешенін бұзуға қатысты алдын ала зерделеу спорт кешенінің 1986 жылдан бері жұмыс істеп тұрғанын және бүгінгі күні пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін көрсетті. Осыған байланысты прокуратура барлық жоспарланған іс-шараның заңдылығын зерттеп жатыр. Ақырғы құқықтық баға берілгенге дейін процесті тоқтату шаралары қабылданды", - деді Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ведомство қорытынды мен қабылданған шаралар жұртшылыққа хабарланатынын атап өтті.
Еске салсақ, 7 қыркүйекте желіде "Каспий" спорт кешенін сүру және оның орнына қонақүй салуды тоқтату туралы петиция жарияланды.