Маңғыстаулық жастар ТМД елдерінде тағлымдамадан өтеді

0
404

Тұңғыш рет қолға алынған байқауға өтінім қабылдау екі аптаға жалғасты.


Маңғыстаулық жастар ТМД елдерінде тағлымдамадан өтеді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында «Жастар ұйымдарының көшбасшылары үшін ТМД елдеріне тағлымдамалар» байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар шетелде тағылымдамадан өтетін болады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығынан мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Байқаудың негізгі мақсаты – өңірдегі жас көшбасшылардың шетелдік тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Сол арқылы жастарды жетістікке жетуге, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға шақыру. Аймақ дамуына және әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтаны арттыру. Енді маңғыстаулық үздік жастар күз айларында Қырғызстан және Грузия елдеріне барып, олардың тәжірибесімен танысады. Сапар барысында алған білім мен жаңашылдықты өз саласына енгізіп, жастардың дамуына арналған жобаларды жандандыруға атсалысады деп сенемін», - деді жоба жетекшісі Алмаз Жақсылық.

Айта кетейік, тұңғыш рет қолға алынған байқауға өтінім қабылдау екі аптаға жалғасты. Осы уақыт аралығында жастардан 101 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 50 өтінім техникалық іріктеуден өтті. Ал комиссиялық отырыс екі күнге созылып, жеңімпаздар анықталды. Олар: Ұлмекен Жарасбаева, Нұрсұлтан Мұрзабек, Анар Қатаева, Алмаз Дощаев, Гүлмайса Шаңбаева, Нұрлан Нараддинов, Данияр Амангелдиев, Гауһар Шамқұлова, Нұрлан Қуанышбай және Алдияр Төлеуов.