Масанчидегі қақтығыс. Қырғыз-қазақ шекарасынан 4 мың адам өткен (видео)

0
1 156

Шекарадан өткендердің негізгі бөлігі - әйелдер, балалар және қарт адамдар.


Масанчидегі қақтығыс. Қырғыз-қазақ шекарасынан 4 мың адам өткен (видео)

ERNUR.KZ. Қырғыз-қазақ шекарасының "Кең-Бұлын-автожолдары" бақылау-өткізу пунктінен кеше 4 мың адам өткен. Мұндай мәліметтерді БАҚ келтіреді. Қырғызстан шекара қызметі әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ, деп жазады Tengrinews.kz.

Токмак қалалық Кенеш депутаты Юсуп Ваншаның деректері бойынша, 7 ақпанда тәртіпсіздіктер болған қазақстандық ауылдардан Қырғызстан Республикасында тұратын туыстарына келіп жатыр.

ҚР дұңған диаспорасы келіп жатқандардың уақытша қоныстанып жатқанын айтады, өйткені көп адамның үйі өртеніп кеткен.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі осыған дейін барлық адамдар тепловизор арқылы коронавирусқа тексерілетінін айтқан еді. Келушілердің негізгі бөлігі - әйелдер, балалар және қарт адамдар.

Еске салайық, 7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындардың арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылықтан туған қақтығысты арандатқысы келгендер туралы айтты.