Маңғыстауда бала ұрланды: Қаскөй ата-анасынан ақша талап етіп отыр

0
1 135

Ол енді баланың ата-анасынан миллион теңге ақша талап етіп отыр.


Маңғыстауда бала ұрланды: Қаскөй ата-анасынан ақша талап етіп отыр

Маңғыстау облысында ер адам сегіз жастағы баланы ұрлап кетті. Ол енді баланың ата-анасынан миллион теңге ақша талап етіп отыр. Бұл туралы Қазақстанның ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сенбі күні жергілікті тұрғын полицияға сегіз жастағы ұлының жоғалғаны жайлы және оны ұрлап кеткен ер адамның миллион теңге талап етіп жатқанын хабарлады", - дейді Алмас Сәдубаев.

Қазақстанның ІІМ ресми өкілінің айтуынша, Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері күдіктіні ұстады. "Бала босатылды, өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілі.