Мәжіліс мемлекеттік шекара қауіпсіздігіне қатысты құжатты мақұлдады

0
985

Құжатта ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылыстар мен бөгеуіштерді орнату жөніндегі құзыреті нақтыланады.


Мәжіліс мемлекеттік шекара қауіпсіздігіне қатысты құжатты мақұлдады

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп жазады ҚазАқпарат.

Заң жобасы Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.

«Заң жобасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасын бұзудың ықтимал тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нормалар ұсынылды. Осылайшы, жолаушыларды түсіруді (отырғызуды), жүктер мен тауарларды тиеуді жүзеге асырмайтын жағдайда ғана, Қазақстан аумағын транзит түрде теміржол көлігімен өтуде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерін жүргізбеу ұсынылады», - деді Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан.

Сонымен қатар, құжатта ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылыстар мен бөгеуіштерді орнату жөніндегі құзыреті нақтыланады.

«Заң жобасында Шекара қызметімен пилотсыз ұшу аппараттарын қолданудың ережесін бекіту бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті қарастыралады. Мұнымен қоса, шекара кеңістігінде құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде ҰҚК Шекара қызметі алған жануарларды, балықтарды және өсімдіктерді, браконьерлік аулау құралдарын, браконьерлік жүзу жабдықтарын есепке алу, сақтау мен бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру құзіретін жергілікті атқару органдарына беруді қарастырады», - деді Қ. Ержан.