Мәжіліс Жер туралы заңды мақұлдады

0
1 448

Құжат енді Сенаттың қарауына беріледі.


Мәжіліс Жер туралы заңды мақұлдады

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысының екінші оқылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдік азаматтар мен шетелдік қатысуы бар кәсіпорындарға сатуға және жалға беруге тыйым салуды көздейтін жер туралы Президенттік заң қабылданды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында осы заңды әзірлеуге бастамашылық жасап, құжатты Президенттің заң шығару бастамасы ретінде дайындауды тапсырған болатын. Ал 12 наурызда заң жобасы Президенттің арнайы жолдауымен Мәжілістің қарауына енгізілді. Аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының 3 отырысы және аграрлық мәселелер комитетінің 2 кеңейтілген отырысы өтті. 7 сәуірде құжатты депутаттар бірінші оқылымда пленарлық отырыста қарады, - деп жазды ол.

Ерлан Қаринның мәлімдеуінше, бүгін Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады және құжат енді Сенаттың қарауына беріледі.

Осылайша, заң жобасы біртіндеп қарастырудың барлық негізгі кезеңдерінен өтеді. Президенттік Жер туралы заңның қабылдануы шетелдіктердің ауылшаруашылық жерлерін сатуы мен жалға алуы мәселесінде түпкілікті нүкте қояды, бұл тақырып бойынша даулар мен түрлі алыпсатарлық жайттарды тоқтатуға мүмкіндік береді, - деді Қарин.