Мәжілісте Вице-спикер Владимир Божконың қатысуымен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы шеңберінде табиғи монополиялар туралы Заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырысқа жетекшілік еткен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Заң жобасы табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, үздік халықаралық тәжірибеге сай олардың қызметін реттеуді ынталандыру әдістерін кезең-кезеңмен енгізуге, табиғи монополия саласындағы әкімшілік кедергілерді қысқартуға, табиғи монополия субъектілері мен уәкілетті орган қызметінің ашықтығы мен тиімдігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
фото: parlam.kz
parlam.kz Мәжілісте Вице-спикер Владимир Божконың қатысуымен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы шеңберінде табиғи монополиялар туралы Заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырысқа жетекшілік еткен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Заң жобасы табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, үздік халықаралық тәжірибеге сай олардың қызметін реттеуді ынталандыру әдістерін кезең-кезеңмен енгізуге, табиғи монополия саласындағы әкімшілік кедергілерді қысқартуға, табиғи монополия субъектілері мен уәкілетті орган қызметінің ашықтығы мен тиімдігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Жаңа Заң жобасы туралы Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин баяндама жасады. «Табиғи монополиялар туралы» Заң жобасы мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған. Біріншіден, табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы жүйелендіру. Екіншіден, қызмет тиімділігін, олардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің жаңа ынталандыру әдісін енгізу. Үшіншіден, табиғи монополиялар саласындағы әкімшілік тосқауылдарды азайту. Төртіншіден, субъектілер мен уәкілетті орган қызметінің ашықтығын арттыру – деп, вице-министр әрбір міндетке егжей-тегжейлі тоқталды. Жаңа жобасын әзірлеушілердің баяндауынша, бүгінгі күні субъектілердің 95%-ынан астамы шекті тарифтерге көшкен. Нәтижесінде, шекті тарифтер 5 жыл қолданылған кезде табиғи монополиялар саласына тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 2 трлн. теңгеден асады деп күтілуде. Халықаралық қаржы ұйымдарының инвестицияларын тарту мақсатында заң жобасында «Табиғи монополиялар туралы» Заң Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін қолдануды көзделеді. Жай тәртіппен салыстырғанда Ерекше тәртіптің басымдығы өтінімді қараудың қысқа мерзімі – 180 күннің орнына 45 күн. Бұдан басқа, субъект реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік өлшемшарттарына қол жеткізген жағдайда, пайданың 30%-на дербес иелік етуге құқығы бар. Отырыс барысында депутаттар табиғи монополиялар туралы мәселелер көтерді. Депутат Меруерт Қазбекова жетекшілік ететін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің жұмыс тобы шеңберінде депутаттар тарапынан ұсынылған ұсыныстар мен ескертулер назарға алынатын болады. Заң жобасының таныстырылымына Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық компаниялапр, қоғамдық сарапшылар мен Парламентке кірмеген саяси партиялар, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Айта кету керек, «Табиғи монополиялар туралы» Заң қолданыстағы редакцияда 1998 жылы қабылданған. Жиырма жыл ішінде Заңға 15 заңмен 200-ден астам түзету енгізілді. Осыған орай, Заң жүйелілігін жоғалтты және сілтемелері көп, сондай-ақ түсіну қиын. Бұдан басқа, бүгінгі күні субъектілердің қызметін реттеу, тарифтерді қалыптастыру және бекіту рәсімдері 79 заңға тәуелді актіде бекітілген. Заң жобасында сілтеме нормаларды азайту және барлық заңға тәуелді актілерді субъектілердің қызметін реттеу және олардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру тәртібін айқындайтын екі базалық құжатқа біріктіру көзделеді.
_________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі
Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id41569/1/1
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі