Олар тестілеуді бөлек тапсырады.
ERNUR.KZ. Коронавирус жұқтырғандар арасында ҰБТ тапсыратын түлектер бар болуы да мүмкін. ҰБТ өткізілетін әрбір пункте қажет болған жағдайға іске қосылатын кезекші аудитория болады, деп хабарлайды Хабар24.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Коронавирусқа оң нәтиже анықталған мектеп түлектері болса, олар тестілеуді бөлек тапсырады. Бұл жауапты органдардың рұқсаты мен ұсыныстарына байланысты жасалатын болады. Егер тестілеуді бөлек өткізу туралы ұсыныстар болса, біз ондай түлектерге бөлек арнайы тестілеу орындарын жасақтауға дайынбыз», - деп атап өтті.