Мемлекет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады

0
505

Мамин еліміздің әлеуметтік дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.


Мемлекет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады

Премьер-Министр Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.