Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады

0
1 488

Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.


Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп жазады ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.