Мемлекет басшысы: Келер жылы Қазақстанда газ тапшылығы болуы мүмкін

0
596

2025 жылға дейін республикада 2 млрд ағаш отырғыз жоспарланып отыр.


Мемлекет басшысы: Келер жылы Қазақстанда газ тапшылығы болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Елде көмір отының қолданысын төмендету мақсатында газдың үлесін арттыруға басымдық берілмек. Бұл туралы Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Бүгінде газ саласы көмірді пайдалануды төмендетуде негізгі рөл атқарады, Қазақстанды газдандыру деңгейі 53%-ға жетті. 10 миллионға жуық азамат газға қол жеткізді. Ел ішінде газ тұтыну өте тез өсуде. Бұл бірінші кезекте Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3-тің газға көшуіне, газ-химия кешендері мен жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың іске қосылуына байланысты.
«Газға деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету оны экспорттауға қарағанда маңыздырақ. Үкіметтен Теңіз кен орнының акционерлерімен бірлесіп 2 млрд текше метр газды экспорттық нарықтан ішкі нарыққа қайта бағыттау мәселесін пысықтауды сұраймын. Сонымен қатар Үкімет Қашағанда қуаттылығы 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жөніндегі жобаны қаржыландыру мәселесін шұғыл түрде шешуді талап етеді», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі климаттық жағдайды ескере отырып, жасылдандыруға көшу аса маңызды қадам.

«Орман алқаптарын жандандыруға басымдық бермекпіз. Менің тапсырмам бойынша 2025 жылға дейін республикада 2 млрд ағаш отырғыз жоспарланып отыр. Өткен жылы 38 млн ағаш отырғызылды. Биыл 280 млн ағаш егу көзделген. Осы ретте барлық шетелдік компанияларды бұл іс-шараға белсенді түрде қатысуға шақырамын», деді Мемлекет басшысы.