​Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министріне көңіл айтты

0
1 130

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.


​Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министріне көңіл айтты

фото: sputniknews.kz

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Табиғи апат салдарынан жақындарын жоғалтқан және зардап шеккен отбасылардың, сондай-ақ бүкіл Жапония халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.