​Мемлекеттік бағдарлама бойынша қоныс аударушыларға қандай көмек көрсетіледі?

0
2 610

Шығу аймақтары Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, және Шымкент қаласы болып анықталды.


​Мемлекеттік бағдарлама бойынша қоныс аударушыларға қандай көмек көрсетіледі?

ERNUR.KZ. Павлодар әкімдігі тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары қандай көмек ала алатыны туралы ақпарат жеткізді, деп жазады pavlodarnews.kz.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметі хабарлағандай, ерікті көшудің мемлекеттік қолдауы қоныс аударуға материалды көмек көрсету, тұрғын үйді жалдау және коммуналды қызметтер бойынша шығындарды өтеу, қажет жағдайда техникалық және кәсіби білім беру оқуларға және қысқа мерзімді кәсіби курстарға бағыттау және жаңа тұрғылықты мекенжайда жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсетуді қамтиды. Бағдарлама қатысушыларына және отбасылардың мүшелеріне 35 АЕК мөлшерінде отағасы және отбасының әр мүшесіне біруақытылы қоныс аударуға материалды көмек көрсетіледі. Биылғы жылы бұл көрсеткіш әрбір адамға шаққанда 88375 теңгені құрайды. Бағдарлама қатысушыларының отбасына, сонымен қатар, жалғыз бастыларға, тұрғын үйді жалдау және коммуналды қызметтер бойынша шығындарды өтеуге материалды көмек – ай сайын, келесі мөлешерде он екі ай сайын төленеді: Қалалық жерге коныс аударғандарға: 20 АЕК мөлшерінде бір адамға (2019 жылы – 50500 теңге айына), 25 АЕК мөлшерінде отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін (2019 жылы – 63125 теңге айына), 30 АЕК мөлшерінде отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда (2019 жылы – 75750 теңге айына).

Өткен жылы Павлодар қаласына 202 адам құрамында 44 отбасы қоныс аударды. Бағдарлама бойынша көрсетілген әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 39,9 млн.теңгені құрады.

Бағдарлама қатысушыларының ерікті көшуі келесі бағыттар бойынша асырылады: аймақаралық қоныс аудару – жұмыс күші мол облыстан жұмыс күші аз облысқа және облысаралық қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорының және/ немесе жұмысберушілердің есебінен тұрғын үймен қамсыздандыру мүмкіндігі бар болған жағдайда және тұрақты жұмыс орнына орналастыру жағдайында экономикалық әлеуетінің дамуы төмен ауыл-аймақтардан, облыстық (аумақтық) маңызды қалаларға, экономикалық өсу жерлеріне қоныс аудару.

Шығу аймақтары Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, және Шымкент қаласы болып анықталды.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жоба қатысушылары және бекітілген квотаның шеңберінде қабылдау аймақтарында оқып жатқан ауыл жастары санынан түлектер,сонымен қатар қай аймақ-мемлекеттен шығу жерінен қарамастан оралмандар ерікті аймақаралық қоныс аударуға қатысады.

Шығу жері аймақтарынан қабылдау аймақтарына ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу мемлекеттік қызметкерлерге, ҚР МК 01-2005 кәсіп сыныптаушының тоғызыншы тобына қатысты, төменмамандырылған жұмысшылар, ҚР МК 01-2005 кәсіп сыныптаушының бірінші тобына жатқызылатын басшылар таратылмайды.

Бағдарламаға қатысу үшін «Павлодар облысы Павлодар қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не келесі мекенжай бойынша жүгіңініз: Павлодар қ., Бектұров көш., 115 Б.