Министр Қазақстанда қатаң карантин режимін ұзартуға қатысты пікір білдірді

0
654

"Бұл мәселені біз қазір отандық мамандар мен шетелдік әріптестерімізбен талқылап жатырмыз".


Министр Қазақстанда қатаң карантин режимін ұзартуға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантинді ұзарту туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, қатаң карантин мерзімі ұзара ма, жоқ па - екі апталық карантин аяқталған соң ғана белгілі болады.

"Кез келген мерзім инкубациялық кезеңмен байланысты болуы керек, яғни 14 күн. Қазір біз кішкене болса да нәтижелерді көріп, қарап отырмыз. Бірақ оның нақты тиімділігі туралы біз екінші аптада немесе екі апта толық өткен соң байқаймыз. Яғни баға берілген соң, карантин аяқталар кезде карантин ұзара ма немесе қатаң шаралар күшейтіле ме - белгілі болады. Бұл мәселені біз қазір отандық мамандар мен шетелдік әріптестерімізбен талқылап жатырмыз", - деді министр.