ERNUR.KZ. 15 наурыздан бастап Қазақстандағы университеттер онлайн оқытуға көшеді, деп жазады Stan.kz.
"Колледждер мен ЖОО-лар қашықтықтан оқытуға көшеді. Көптеген университеттер қазіргі таңда бұл тәсілді бұрыннан қолдануда, сол себепті қиындықтар болмайды деп ойлаймын. Қазір Classroom, Google секілді онлайн сабақ беруге арнлаған платформалар жетерлік", - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Аталған жағдайлардың барлығы коронавирустың Қазақстанда таралуына жол бермеу үшін жүзеге асырылып отыр.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мектеп оқуышалыр 16 наурыздан бастап демалысқа шығады деп мәлімдеген еді.