Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері табиғаттың құбылыстарынан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлермен ынтымақтасып, бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастырған арнайы қорға жібереді.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтарды Маңғыстау облысында құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге қайырымдылық көмек көрсетуге шақыратын үндеу жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.
"Қолайсыз ауа райы ауыр зардаптарға әкеп соғады. Қазақстанның көп аймағында ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкелді. Жауын-шашын аз болғаны, Маңғыстау облысына қатты әсер етті. Министрлік барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын қолдауға және көмектесуге шақырады. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері табиғаттың құбылыстарынан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлермен ынтымақтасып, бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастырған арнайы қорға жібереді", - делінген үндеуде.
Ведомство сайтында қаражатты аудару туралы мәлімет берілген. Қазақстандықтардан төлемде "құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қорын" көрсетуді сұрайды.
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зиянды азайту және зардап шеккен фермерлерді қолдау бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны хабарланды. Еліміздің барлық жерінен еріктілер айтарлықтай көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Президент жем-шөп беру жағдайына байланысты шенеуніктерді сынға алған болатын.
Кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы отставкаға кетті. Ал 3 тамызда ол Food Contract Corporation ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды.