Министрлік көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелеріне жер салығын салмауды ұсынды

0
1 188

Заң жобасы салық салуды жеңілдетуді көздейді, атап айтқанда, мүлік және жер салығын бірыңғай төлеммен төлеу ұсынылып отыр.


Министрлік көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелеріне жер салығын салмауды ұсынды

ERNUR.KZ. Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері жер салығын төлемеуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы талқыланып жатыр.
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, құжатта жеке тұлғаларға салық салуды жеңілдету көзделген. Атап айтқанда, мүлік және жер салығы біріктіріліп, бірыңғай төлеммен төленеді.

"Салық элементтерін өзгертпей, жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады, екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте, көпқабатты тұрғын үйлердіңт пәтер иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады", - деді Дәленов мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, салық төлеушілерге қолайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылды.
Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.