Монакодағы компания басшысы Қазақстан шенеуніктеріне пара бергенін айтты

0
706

Сот 2020 жылдың сәуірінде өтеді.


Монакодағы компания басшысы Қазақстан шенеуніктеріне пара бергенін айтты

ERNUR.KZ. Монакода орналасқан делдал-компанияның бұрынғы басшысы Сирус Ахсани мен операциялар жөніндегі директор Саман Ахсани Қазақстандағы шенеуніктерге пара бергенін мойындады, деп жазады Zakon.kz.

АҚШ агенттігінің хабарлауынша, Иранннан шыққан Ұлыбритания азаматтары, 51 жастағы Сирус Ахсани мен оның 46 жастағы інісі Саман наурыз айында кінәсін мойындады. Олардың соты 2020 жылдың 20 сәуірінде өтеді.
Сириус пен Саман Ахсани бірнеше елде шенеуніктерге миллиондаған доллар пара беруге бағытталған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқан.

Олар өзге де компаниялар және жеке тұлғалармен келісе отырып, 1999-2016 жылдар аралығында Алжир, Ангола, Әзірбайжан, Конго Демократиялық Республикасы, Иран, Ирак, Қазақстан, Ливия және Сирия үкіметінің шенеуніктеріне пара берген.

Прокуратураның мәліметінше, Unaoil компаниясының атқарушы директоры болған Сирус Ахсани мен бұрынғы бас операциялық басқарушы Саман Ахсани осы тергеуге кедергі жасау мақсатында көп дәлелдердің көзін жойған.

Unaoil компаниясы 2016 жылғы "Панама ісінен" бері белгілі болып отыр. Ол Таяу Шығыста, Африка мен Азияда жұмыс істейтін халықаралық компаниялар үшін делдал рөлін атқанған. Олар батыстық компаниялардың жемқорлық деңгейі жоғары елдерде бизнес ашудан қорқатынын пайдаланып, өз клиенттеріне үкіметтік келісімшарттарды алып беру үшін шенеуніктерге пара берген.

Ағайындылар бұл айыптауларды жоққа шығарғанмен, Unaoil компаниясының ішкі электронды хат-хабарлары компанияның өз қызметтері үшін миллиондаған долларлық комиссия алғанын және ақшаны жемқорлық схемасына бағыттағанын растады.