Мүгедектерге сан соқтырған зейнеткер ұсталды

0
1 774

Зейнеткер қоғамдық бірлестік мүшелеріне 370 миллион теңге көлемінде аса ірі мөлшерде материалдық зиян келтірілген.


Мүгедектерге сан соқтырған зейнеткер ұсталды

ERNUR.KZ. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүлкін талан-таражға салғаны үшін 65 жастағы ер адам ұсталды деп жазады Polisia.kz.

Күдікті «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жылжымайтын мүлкін, атап айтқанда Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан жер учаскесін иемденіп, оны банкке кепілге қойғаны үшін ұсталды. Әрі қарай кепілдік шарты бойынша бұл учаске банктің меншігіне өтіп кеткен. Оның үстінен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған күдікті қамауға алынған. Ол бұған дейін де істі болған.

«Осылайша көздері нашар көретін Қоғамдық бірлестік мүшелеріне 370 миллион теңге көлемінде аса ірі мөлшерде материалдық зиян келтірілген. Олар қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер деп танылды, олардың құқықтары бұзылды. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында ұсталып, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты “қамауға алу” шарасы таңдалды. Күдіктілер шеңбері мен басқа да эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.