Мұқият болыңыз: Алматы полицейлері тұрғындарға үндеу жасады

0
372

Бүгінде Қазақстанда азаматтарға онлайн ақшалай несие беретін 20-ға жуық компания жұмыс істейді.


Мұқият болыңыз: Алматы полицейлері тұрғындарға үндеу жасады

ERNUR.KZ. Алматы полициясы тұрғындарға жүгінді, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы полициясы алаяқтарға алданып қалмас үшін қаржы сауатын арттыру керектігін айтты.

«Өкінішке қарай, қылмыс бір орында тұрмайды және күн сайын жаңа көріністерге ие болады. Алаяқтық – мүліктік қылмыстардың кең тараған түрі. Оның ішіндегі ең өзектісі – несие саласындағы алаяқтық. Біз несие берудің қолайлы шарттары мен тез өңдеу мерзімі туралы уәде беретін делдалдармен байланыс жасамауды ұсынамыз. Әдетте мұндай адамдар - сіздің сенгіштігіңізді, қаржылық технологиялар мен құқықтық мәселелер саласындағы нашар біліміңізді пайдаланып, қылмыс арқылы баюға ұмтылатын әлеуетті алаяқтар», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Оның айтуынша, жеңіл ақша табуды көздегендер – жақсы психологтар, олар азаматтардың сеніміне тез және оңай кіреді.

Бұған дейін тоқсаннан астам адамның атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйелдің сотталғаны туралы хабарланған еді.

Айта кетейік, Бүгінде Қазақстанда азаматтарға онлайн ақшалай несие беретін 20-ға жуық компания жұмыс істейді.