Мысырда қайтыс болған туристердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

0
110

Қызыл теңізде 31 туристімен суға батып кеткен яхтада қазақстандықтар болған жоқ.


Мысырда қайтыс болған туристердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

фото: Sputnik / Олег Ласточкин

ERNUR.KZ. Қазақстан сыртқы істер министрлігі қайтыс болған 14 адамның арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін ресми растады, деп жазады sputnik.kz.
Яхта Қызыл теңізде дүйсенбі күні таңертең "дома акул" аймағында батып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға яхтаны алып теңіз толқыны соққандықтан болған.
"Қаза тапқандардың төртеуінің денесі табылды, 31-ші жолаушы құтқарылды. Қалғандарын іздеу жалғасуда, бірақ оларды тірі табу мүмкіндігі аз, өйткені бұл аймақта акулалар көп", - деді Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Амр Ханафи.
Мысырлық БАҚ-тың хабарлауынша, батып кеткен яхтаның бортында 13 елдің - Египет, Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия және Финляндия азаматтары болған.