Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды

0
665

бұған дейін БҚО әкімі лауазымын Ғали Есқалиев атқарған болатын.


Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Нариман Төреғалиев 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) инженер-экономист, Каспий қоғамдық университетін (2004) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995) болып бастады.

«Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999);

«Акжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);

Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры (2002-2003);

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);

Орал қаласының әкімі (2016-2017) лауазымдарын атқарды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.


Еске салайық, бұған дейін БҚО әкімі лауазымын Ғали Есқалиев атқарған болатын.