Жарты миллионнан астам адам баспаналы болады деген сөз, - дейді Елбасы.
ERNUR.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Қазақстандағы әр өңір қай бағытта даму керектігін айтты, деп жазады Baq.kz.
«Қалалардың ішкі, сыртқы түрі өзгеріп жатыр. Былтыр 11 млн. шаршы метр үй салдық, биыл 12 млн. шаршы метр үй саламыз. Бұл –100 мыңнан астам пәтер. Демек, жарты миллионнан астам адам баспаналы болады деген сөз», - дейді Елбасы.
Ол пәтерлер қай жерде – қалаларда.
«Ақтөбе, Атырау, Ақтауда салынып жатқан үйлер қалалардың дамып жатқанын көрсетеді. Әр облыстың, әр өңірдің қай бағытта өсу керек екенін айқындайтын жоспары болуы керек. Мысалы, Алматы облысы көкөніс, Орталық өңір астық өндіруге, Батыста мұнай, Шығыста темір, көмір өндіруге қолайлы. Бұл өңірлерде осы салаға қатысты мамандар дайындау керек. Барлық өңір өспесе – жалпы Қазақстан өспейді, сондықтан оған қатты көңіл бөліп отырмыз», - дейді ол.
Үкімет басшыларының басын қосып, әр өңір өз саласы бойынша өркендеп өсетін бағдарламалар бойынша жоспар жасау туралы тапсырма берілді.