Мемлекеттік қызмет жұмысын сынға алды.
ERNUR.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтегі 15 адамның үшеуі ғана жұмыс істейтінін атап, мемлекеттік қызмет жұмысын сынға алды, деп жазады Tengrinews.kz.
Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде өткен кеңестегі Президенттің сөйлеген сөзін КТК телеарнасы кешкі жаңалықтар эфирінде шығарды.
"Екі әкімдік пен тағы екі министрлікте сынақ жобасын жүргізіп жатырмын. "Міне, бюджет бар, оны саған беремін. Басқаруға қанша қаражат қажет болса, соншасын ал, ал қалғанын шенеуніктердің жалақысын өсіруге өткіз. Жұмыс істесін. Әйтпесе бір бөлімде 15 адам отырады да, оның үшеуі ғана жұмысын істейді, қалғандары қол қусырып отырады. Солай ма? Оның орнына қалам, қағазың, мына орындықтарың бар, қаншама ақша үнемдейсің. Әрбірінің астына көлік берілген" деп айтамын", - деп мәлімдеді Назарбаев.
Тілшілердің мәліметінше, бұл мәселе бүкіл ел аймағына арналып айтылған.