​Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқарады

0
1 277

Заң бүгін ресми БАҚ-та жарияланып, күшіне енген.


​Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқарады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Қауіпсіздік Кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығына ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң бүгін ресми БАҚ-та жарияланып, күшіне енген.

Биыл көктемде парламентте "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" заң қабылданған еді. Кейінірек Конституциялық кеңес құжатты конституцияға сәйкес деп таныды.
Қазір мемлекет басшысы Қазақстанның президент сайлауында өз кандидатурасын шектеусіз ұсына алады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 20 шілдесіндегі №83-II конституциялық заңы бойынша, Қазақстан Республикасының бірінші президенті – Елбасы дербес құқықтылыққа ие: ол мемлекет басшысы қызметін атқарған кездегі жасаған іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылмайды, оны қамауға алып, тінтуге немесе тергеуге болмайды.

Дербес құқықтылық бірінші президенттің жекеменшік мүлкіне де қатысты, банк құпиясы сақталады әрі бірінші президент пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктегі шоттарына қол сұғуға болмайды.

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі – президент құрған консультативтік-кеңестік орган. Қауіпсіздік кеңесі елдің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін, Қазақстанның аумақтық біртұтастығын сақтау бойынша шешімдер қабылдайды.