​Назарбаев коммуналдық төлемдер жайлы: Адамдар ақшаның қайда төлеп жатқанын білмейді

0
1 614

Сонда ақша қайда кетіп жатыр?


​Назарбаев коммуналдық төлемдер жайлы: Адамдар ақшаның қайда төлеп жатқанын білмейді

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын-үй коммуналдық төлемдердің ашықтық қағидатына сай төленуін талап етті. Мемлекет басшысы тұрғын-үй коммуналдық кешен төлемдерінің әлі күнге дейін ашықтық қағидатына сүйенбей төленіп келе жатқандығына шүйлікті, деп жазады NUR.KZ.

"Бұл салада да проблема жоқ емес. Адамдар ақша төлейді, бірақ қайда төлеп жатқандықтарын білмейді. Ал тарифтер болса күн сайын өсіп жатыр. Сонда ақша қайда кетіп жатыр? Бәрі ашық болуы керек", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауын жария етті.