Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде отырыстың бүгін өтетінін хабарлаған болатын.
ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясымен жиын өткізіп жатыр. Кеңеске үкімет мүшелері де келді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Бүгін Елбасының төрағалығымен үкімет мүшелері, Nur Otan партиясы мен мәжілістегі фракциясы мүшелерінің қатысуымен отырыс өтеді", - деді Айдос Үкібай.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесінің отырысында партияның ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарап шығу қажет екенін айтқан болатын. Ол халықтың сеніміне ие болуы шарт екенін атап өтті.
"Назарбаев төрағалық ететін жиында "Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" және "100 нақты қадам" ұлт жоспарының жүзеге асырылуы талқыланады", - деді Үкібай.
Тамыз айында Елбасы Nur Otan-ның мәжілістегі фракциясының жұмысын сынға алған болатын. Ол Гүлмира Исимбаеваның орнына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс сайлауы конституциялық мерзімге сай өтетін айтты.
Парламенттің төменгі палатасының сайлауы 2021 жылдың 21 қаңтарынан кешіктірілмейді.