Немересінің орнына сабақ орындап берген әжейді көпшілік сынға алды (видео)

0
1 581

ERNUR.KZ. Сабақтан шаршап келген немересіне жаны ашыған әжей оның орнына сабағын орындап беремін деп желідегілердің қызу талқысына түсті.


Немересінің орнына сабақ орындап берген әжейді көпшілік сынға алды (видео)

ERNUR.KZ Сабақтан шаршап келген немересіне жаны ашыған әжей оның орнына сабағын орындап беремін деп желідегілердің қызу талқысына түсті.

Желіде тараған видеодан әжейдің мектеп бағдарламасының тапсырмасын орындап отырғанын байқауға болады. «Шаршады балам, балам шаршады. Өзім жазып бере саламын» деген әжейге видеоны түсіріп тұрған келесі бір әйел «Қой жазба, өзіне жазғызамыз. Қойсайшы, мама, бала топас боп өседі» деп кедергі келтіргісі келеді. Алайда әжей оған көнетін түрі жоқ, қайта керісінше «өзінен айнытпай жазып жатырмын» деп жауап қатады. Видеоны көрген қолданушылардың бірі кейуананы сынның астына алды.

«Болашақта апасы немересін тым қатты еркелеткеніне өкінішпен өтеді. Қазіргі өсіп келе жатқан балалар басқаша», «Ертең бала білімсіз болып өседі», «Бала білімсіз болса, мектепті кінәлайтындар осындайлардан шығады», "Әженің жаны ашыған ғой. бірақ өзі жазғаны дұрыс еді", "Мектеп бітіргенше осылай жазып беріп жүресіз бе? Бала ондайға үйреніп қалады ғой, бұл дұрыс емес" деп жазды желідегілер. Дегенмен әжейдің бұл әрекетіне тәнті болып, тіпті қолдағандар да баршылық. «Иә, әже деген осындай. Біздердің әжеміз немерем әскерге кетсе, мен де барамын дейтін», «Әже жарады. Арасында ондай мұндай болады. Бәріміз осылай өстік. Қайта сондай балалар бауырмал, тәртіпті болып өседі», "Немере деген тәтті болады екен. Осы әже секілді біз де кейін жанымызды беруге дайын болатын шығармыз. Алла сол күнге жеткізсін», «Үйренеді бала, бәрі уақытымен келеді», «Бұл жағдай бәріміздің басымыздан өтті. Талай жазғанмын. Ештеңе де болмайды. Есебін атасы шығарып беретін» деп пікір қалдырғандар әжейдің әрекетінде ешқандай ерсі тірліктің жоқтығын айтты.

Видео: желіден алынды