Несие алу үшін: ШҚО-да зейнеткерді ұрлап кетті

0
802

Қазіргі таңда алаяқтықтың жаңа түрі шыққан.


Несие алу үшін: ШҚО-да зейнеткерді ұрлап кетті

ERNUR.KZ. ШҚО-да несие алу үшін зейнеткерді ұрлап кетті, деп жазады Stan.kz.

Николай Ван-Си-Ю есімді Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын алдап, көлікке салып басқа қалаға алып кеткен. Артынша мәжбүрлі түрде несие алғызған. Алайда, қарияны қорлау мұнымен бітпепті. Олар егде кісіні ескі пәтерлердің біріне апарып, сол жерде таңға дейін ұстаған. Артынша аларын алып алған соң, зейнеткерді жол жиегіне тастап кеткен.

"Полиция біздің қоңырауымызға бірден құлақ аспады. Егер уақытында жауап беретін болса, мұндай оқиға болмас еді. Нәтижесінде әкемнің атына банк арқылы 600 мың теңге несие алған. Оқиға кешке банк жабылатын уақытта болған. Оны бөлек кабинетке кіргізіп алған. Ол құжаттарға қол қойғаннан кейін, белгісіз пәтерге апарып, таңға дейін ұстаған. Телефонын алып алған", - дейді Улияна Нұрманова.

Бұл туралы полиция департаментіндегілер жауап берді. Олар қазіргі таңда алаяқтықтың жаңа түрі шықананын айтап, өзге жұртты құлақтандырды. Ал бұл мәселегі қатысты ішкі істер органдары бар күштерін жұмылдырған көрінеді.

"Бұл деректер бойынша бірден полиция департаментінің аудандық және қалалық бөлімдері іске кіріскен. Ер адамның орны бірден белгілі болды", - дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Раисов.