"Несие алуға көмектесемін": Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды

0
2 378

Қазіргі уақытта алаяқтық әрекеттен зардап шеккен 12 жәбірленуші анықталды.


ERNUR.KZ. Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды, деп жазады Polisia.kz.

Жамбыл облысында туған 1991 жылғы ер адам және оның 28 жастағы құрбысы алдау және сенімге кіру арқылы бөтеннің ақшасын ірі көлемде заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.

"Олар қылмыс жасау мақсатында интернет-ресурстардың бірінде хабарлама жариялаған. Онда "несие алуға көмектесетіндері" жазылған. Олар жәбірленушілерге несие алу үшін алғашқы төлем қажет екенін айтып, ақшаны алғанан кейін соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырып алып отырған", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Олар Алматы облысында ұсталды. Қазіргі уақытта алаяқтық әрекеттен зардап шеккен 12 жәбірленуші анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.