Бұл әкімшілік полиция департаментімен арадағы келісім бойынша қабылданды.
Елорданың Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көліктерге арналған - Bus lane жолағы алынып тасталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қаланың жол торабының жүктемесін азайту үшін 20 желтоқсаннан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойымен Қосшы бағытында «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығынан айналмаға дейін автобус жолағы алынып тасталды», - делінген хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, қала бағытындағы автобус жолағы өзгеріссіз қалады. Бұл шара уәкілетті орган - Әкімшілік полиция департаментімен арадағы келісім бойынша қабылданды.