5 қазанда қалалық және қаламаңы автобустары штаттық режимде қатынайды.
4 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, 4 қазанда автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады.
Айта кетейік, сенбі, 3 қазан және дүйсенбі, 5 қазанда қалалық және қаламаңы автобустары штаттық режимде қатынайды.
Қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керектігін еске саламыз. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.