Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр көшесінде жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, 20 ақпан сағат 10:18-де №303 автобусының жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен Рысқұлов көшесіне бағыт алған.
"Жүргізуші ауа райын ескермей аялдамада тұрған №10 автобусқа соғылған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде аялдамада тұрған екі адам дене жарақаттарын алды", - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.
"№303 автобусының жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиға бойынша жауап алынып жатыр", - дейді құқық қорғау өкілдері.