Нұр-Сұлтанда екі спортшы төбелесті – бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

0
447

​Полицейлер Ақтөбеден келген спортшыны ұстады. Ол жерлесінің кеуде тұсынан пышақ ұрған.


Нұр-Сұлтанда екі спортшы төбелесті – бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қонақ үйдегі төбелес бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ақтөбеден келген спортшы жерлесіне пышақ сұққан, деп жазады sputniknews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, жексенбі, 20 маусым күні полицияға Қорғалжын тасжолындағы қонақ үйде төбелес басталғаны туралы ақпарат түскен. Қоңырау шалған адам төбелескен жігіттің қарсыласының кеуде тұсына пышақ сұққанын айтқан. Оқиға орнына бірден патрульдік экипаж барды. Тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан адамдарды да, жанжалдың неден шыққанын да анықтады.

"Төбелескен екі жігіт те Ақтөбеден келген. Олар 15 маусым күні Нұр-Сұлтанға қазақша күрестен республикалық жарысқа қатысу үшін келген. 20 маусымда жарыстар біткеннен кейін қонақ үйге барған. Сол кезде 21 жастағы екі жас спортшының арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Бір спортшы жерлесінің кеуде тұсына пышақпен жарақат салды", - дейді полицейлер.

Жарақат алған спортшыны ауруханаға жеткізді. Ал күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары аясында жарысты ұйымдастырғандардың жұмысына да баға беріледі.