Нұр-Сұлтанда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беріп кетті

0
1 159

Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы өз сайлау учаскесіне 10.20-да келді.


Нұр-Сұлтанда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беріп кетті

ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Б.Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп жазады Zakon.kz.

Назарбаев сайлау учаскесіне 10.20-де келді. Бюллетенін алып, дауыс беру кабинкасына кіріп кетті.

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру 7.00-де басталып, жергілікті уақытпен 20.00-ге дейін жалғасады.

ҚР ОСК сайлаушылар тізіміне 11 814 019 азамат енген.

Сайлау учаскелері 20.00-де жабылғаннан кейін дауыстарды санау басталады. Ол дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кешікпейтін мерзімде аяқталуы тиіс.