Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жалақысы аз екенін айтып шағымданды

0
524

Биыл Қазақстанда 7,5 мың өрт болып, салдарынан 250 адам қаза тауып, сонша адам зардап шеккен.


Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жалақысы аз екенін айтып шағымданды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жалақысы аз екенін айтып шағымданды, деп жазады Tengrinews.kz.

Жалақы аз, қауіп-қатер көп болғандықтан еліміздің өңірлерінде өрт сөндірушілер жетіспейді. Биыл Қазақстанда 7,5 мың өрт болып, салдарынан 250 адам қаза тауып, сонша адам зардап шеккен.

Нұр-Сұлтан қалалық №4 МӨБ бөлімінің командирі Азамат Рахымжановтың айтуынша, бұл қызметте уақытында жиналып, эмоцияға ерік бермеу.

"Мен өртке кеткенде, кезекшілікке шыққанда жақындарым уайымдайды. Өте ауыр сәттер болып, жұмыстан шығып кеткім келеді. Жалақы адам өмірі мен өліміне татымайды. Біз адамдарды құтқарып, күн сайын басымызды қауіпке тігеміз", - дейді Рахымжанов.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, жалақы аз болғанына байланысты Рахымжанов жұмыс істейтін бөлімшеге әлі 10 құтқарушы керек. Елдің басқа өңірлерінде де жағдай осындай.

Қазақстанда әр 36-ыншы өрт адам өлімімен аяқталады. Мысалы, АҚШ-та әр 360 өрттің біреуінде ғана адам өлімі болады екен. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 14, Францияда 27 есе аз.

Қазақстанда көп жағдайда жекеменшік секторда өрт болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл тұрғыда жағдай нашар. Бұл өңірлерде өрттен қаза тапқандар саны елдегі орташа көрсеткіштен үш есе көп.