Нұр-Сұлтанда сауда орталығынан өрт шықты

0
361

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.


Нұр-Сұлтанда сауда орталығынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда "Тұлпар" сауда орталығынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, ғимаратта сауда бутиктері жанып жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Байқоңыр ауданы Уалиханов көшесі 24 "Тұлпар" сауда үйінде өрт болғаны туралы хабарлама түсті. 3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғарғы 4-қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінгені хабарланды. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы мен жеке құрамның 71 адамы жұмылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.