Бұған дейін жоғалған оқушылардың ата-анасы түнде балаларын ересектердің қарауынсыз қалдырғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
ERNUR.KZ. Бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен екі ұл бала табылды. Олар келесі көшеде жүрген, дееп жазады sputnik.kz.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың анасы құқық қорғау органдарына 28 шілдеде арызданған.
Оның 11 және 9 жастағы балалары 27 шілде күні кешке Севастопольский тұйық көшесінде орналасқан үйдің ауласынан белгісіз бағытта шығып кеткен.
Полиция еріктілермен бірге кәмелетке толмағандарды іздеуге шықты. Балалар жаяу патрульдеу кезінде табылды.
"Сағат 02.00 шамасында Тархан көшесінде полиция қызметкері Нұржанғани Бүркіт бұрын із-түзсіз жоғалған екі баланы байқап қалған. Полиция қызметкерлері балаларды Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жеткізді. Күндіз балалар аулаға серуендеуге шығып, қайтып оралмағаны анықталды. Арыз беруші балаларды өз бетінше табуға тырысқан, келесі күні әйел полицияға хабарласуға шешім қабылдапты", - деп хабарлады полиция.
Олардың мәліметінше, бұған дейін әйел балалары түнде ересектердің қарауынсыз жүргені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Отбасы бақылауға алынды. Балалардың жағдайы жақсы, қазір үйде.