Нұр-Сұлтанда зейнеткерді автобус қағып кетті

0
369

Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.


Нұр-Сұлтанда зейнеткерді автобус қағып кетті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда болған жол-көлік оқиғасысынан, 73 жастағы әйел қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Бүгін сағат 11:25-те Уәлиханов көшесімен Сейфуллин көшесіне қарай кетіп бара жатқан маршруттық автобустың 32 жастағы жүргізушісі белгіленбеген тұстан жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. 73 жастағы әйел алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге абай болып, жолды тек белгіленген жерлерде ғана кесіп өту қажеттігін еске саламыз », - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.