Нұр-Сұлтанда жаңа шектеу шаралары енгізілді

0
2 253

Барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіріледі.


Нұр-Сұлтанда жаңа шектеу шаралары енгізілді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтаның бас санитарлық дәрігерінің қаладағы жаңа шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулысы жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Құжат қол қойлыған күннен, 2 ақпаннан бастап күшіне енді.

Құжатқа сәйкес:

Барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіріледі;

ХҚКО жұмысын қатаң түрде алдын ала Egov.kz, "EgovKZBot2.0" тelegram-ботпен брондау арқылы жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

Жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың (косметологиялық қызметтерді көрсетуге тыйым сала отырып), стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін болатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда, авто-экспресстің және тамақты жеткізу жұмыстарын штаттық режимде ұйымдастыру.

Фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды және басқа да қызмет түрлерінің іске қосылуымен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру.

Жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен ұйымдастыру.

Кинотеатрлардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтындай етіп толтырылуымен, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру.