Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес орын алды (видео)

0
714

Ашуға бой алдырған жігіттер көпшіліктің көзінше бір-бірін аяусыз соққыға жықты.


Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес орын алды (видео)

ERNUR.KZ. Елордада бір топ жасөспірімдер қаланың қақ ортасында жұдырық ала төбелесті. Өзара келісе алмаған екі тараптың қақтығысы Нұр-Сұлтандағы сауда орталығының алдында орын алып, куәгерлердің камераларына түсіп қалған, деп жазады kaz.nur.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі Аstanovka98 парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан жиырма шақты жігіттің "Хан Шатыр" орталығының алдында төбелесіп жатқанын көруге болады.

Ашуға бой алдырған жігіттер көпшіліктің көзінше бір-бірін аяусыз соққыға жықты. Алайда, патрульдік көлікті көрген бойда жастар бірден жан-жаққа қаша бастайды.



Елордалық полиция департаментінде келеңсіз жағдайдың өткен сенбіде бірнші тамыз күні орын алғанын хабарлады.

Анықталғандай, елорда орталығында жұдырықтасқандар кәмелетке толмаған балалар болып шықты. Полицияның хабарлауынша, оларды оқиға орнында ұстаған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, төбелеске екі жасөспірім арасындағы келіспеушілік себеп болған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.