Дене қызуы жоғары жолаушылар болмаған.
ERNUR.KZ. 6 қазанда Нұр-Сұлтанға келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды, деп жазады Tengrinews.kz.
Елге қайтып келген 170 жолаушының ПТР-тесті болмаған.
"Бүгін Нұр-Сұлтанның әуежайында Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai әуекомпанияларының рейстері келді, барлығы 478 жолаушы және 28 экипаж мүшесі. 170 жолаушыда ПТР-тестінің мерзімі өтіп кеткен не мүлде болмаған, олар қонақ үйлердегі стационарларға жатқызылды. Дене қызуы жоғары жолаушылар болмады. ПТР-тестінен өткен соң жолаушылар үйіне жіберіледі, егер олардың нәтижесі оң болса, олар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі", - делінген хабарламада.