Нұрлан Әуесбаев Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті

0
363

Қосшы халқының саны соңғы жылдары қарқынды өсіп келеді.


Нұрлан Әуесбаев Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елді мекен елордадан небәрі 20 шақырым жерде орналасқанынымен, шешімін таппай жүрген мәселелер көп. Қала тұрғындарының саны 65 мыңға жетсе де, жол сапасының жағдайы, жылу және электрлендіру мәселелері көңіл көншітпейді.

Қосшы халқының саны соңғы жылдары қарқынды өсіп келеді. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, облыстық акимат пен жергілікті атқарушы органдар мұны ескеріп, қосымша қуат көздерін алдын ала әзірлеуі тиіс еді.
Үміткер өз сөзінде мұны мемлекетті басқарудың парламенттік-президенттік нысанына көшу жағдайында ғана түзетуге болатындығын атап өтті. Бұл оның сайлауалды бағдарламасының бір бөлігі.