Әңгіме барысында Канделаки Сабуровтан "өзіне және Ресейге жағымды" пікір білдіруді талап етеді.
ERNUR.KZ. Желіде әзілкеш Нұрлан Сабуров пен журналист Тина Канделакидің арасындағы телефон арқылы сөйлескен аудиожазба тарап жатыр. Әңгіме барысында Канделаки "өзіне және Ресейге жағымды" пікір білдіруді талап етеді, деп жазады tengrinews.kz.
Нейрожелілер саласындағы сарапшы, AI саласындағы практикалық профессор Айдын Маутхан видеоның фейк екені анық деп атады.
"Әрине, бұл - фейк. Бірнеше нейрожелілер бар: Heygen, Elevenlabs – олардың көмегімен бір минут ішінде кез келген дауысты "клондап" және кез келген әңгімені құрастыра аласыз. Қазіргі уақытта көптеген елде жасанды интеллект көмегімен жасалған кез келген контент арнайы белгімен белгіленетін заңнама әзірленіп жатқанын білемін. Егер ол жоқ болса, онда адамға нақты қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін. Менің білуімше, осыған ұқсас мәселе біздің парламентте де талқыланды", - деді Маутхан.