Нурмагомедов қазақстандық төрешілерді сотқа бермек

0
1 471

Бұған дейін Абдулманап Нурмагомедов Астанада өткен жекпе-жектің төрешілері мен ұйымдастырушыларын сынға алған еді – оның шәкірті қазақстандықтан жеңілді


Нурмагомедов қазақстандық төрешілерді сотқа бермек

ERNUR.KZ. Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Fight Nights Global 88 аясында жекпе-жек ұйымдастырған қазақстандық тараптың іс-әрекетіне байланысты сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді, деп жазады Sputnik.

Ережесіз жекпе-жек кеші 31 тамыз күні Астанада өтті

Абдулманап Нурмагомедов Оксана Кравцованың YouTube каналына берген сұхбатында жекпе-жектің нәтижесін жойып, шәкірті Тагир Уланбековке белбеуді қайтаруға әрекет жасайтынын айтты. "Төрешілердің әділетсіз шешіміне тап болғансыз ба?" деген сұрақтан кейін белгілі бапкер қазақстандық жекпе-жекті еске алды.

" Бір ай өткен жоқ. Қазақстан. Көрнекі мысал: Уланбеков Тагир — Жалғас Жұмағұлов. Уланбеков жеңіске жетсе де, төрешілер 49:46 деген баға берді. Біріншіден, жекпе-жек Қазақстанда өтті, барлық төреші Қазақстаннан болды. Бұл елдің белбеуге ықыласы қатты ауды. Бірақ оны бұлайша жеңіп алмау керек… Мен төрешілер мен ұйымдастырушыларға ғана шағымданамын. Ал адамдарға қандай шағым болуы мүмкін?", — деп пікір білдірді Нурмагомедов.

Бапкердің айтуынша, оның қолында қазақстандық тараптың жауабы бар, таяуда соттасуға дайындалып жатыр екен.

" Сауда-өнеркәсіп палатасына наразылық білдірдім, бізде 13.2 тармақ бар, егер келісе алмасақ, мен шағымдануға құқылымын. Қазақстандық ұйымнан жауап алдым, соңғы жауапты күтіп отырмын, содан кейін соттасамын. Мен үшін, менің шәкіртім мен мектебім үшін қағида тұрғысында осылай жасаймын, өйткені бүкіл әлем біледі", — дейді UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі бапкері.

Оның айтуынша, белбеуді алып кету үшін ерікті шешім қабылдануы тиіс немесе Жұмағұловтың жеңісі туралы шешімнің күшін жою қажет, "өйткені олардың осы деңгейде әлем чемпионы атағы үшін төрелік етуге құқығы жоқ".

Бұған дейін Абдулманап Нурмагомедовтың Астанадағы жекпе-жектің нәтижесіне көңілі толмағаны белгілі болған еді. Тагир Уланбековтың бапкері қазақстандық қарсылас жекпе-жек кезінде желкеден ұрғанын және тұншықтыру әдісінен сытылып шығу үшін ресейлікті бір рет тістеп алғанын мәлімдеді, ал төреші тыйым салынған әрекеттер туралы ескертуді елемеген. Нурмагомедовтың пікірінше, оның шәкірті бес раундтың төртеуін жеңген, бір раундта тйым салынған әдіс қолдануына байланысты жеңілген.