Ұйым төрағасы қарамағындағылардың есебін де тыңдады.
ERNUR.KZ. Н. Назарбаев Nur Otan партиясы орталық аппараты құрылымдық бөлім жетекшілерімен кеңес өткізді, деп жазады 24.kz.
«Біз алдағы уақытта съезд ұйымдастырып, президент сайлауына өз үміткерімізді ұсынуымыз керек».
Бүгін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы орталық аппараты құрылымдық бөлімдері жетекшілерімен кеңес өткізіп, осындай тапсырма берді.
Ұйым төрағасы қарамағындағылардың есебін де тыңдады.
«Елде болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты партия алдында бірқатар стратегиялық міндеттер тұр», – деді Тұңғыш Президент.